«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Ташкенттегі әлем чемпионатындағы ең үздік қазақ жанкүйері қомақты сыйақы алды

Ташкенттегі әлем чемпионаты кезінде қолында барабан ұстап, еліміз спортшыларына жанкүйерлік еткен Абу Жолдасовқа құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлық берілді.

IMG-20230605-WA0139(1)

"Абу аға Жанаөзенде туған. Біздің боксшыларды 2011 жылдан бері қолдап келеді. Сол кезден бастап ол барлық әлем чемпионатын өз көзімен көрді. Өзбекстан астанасындағы теке-тірестің ерекше болатынын білген ол, Ташкентте қазақ боксының нағыз фан-клубын ұйымдастырды және трибунадағы жанкүйерлердің әрекетін үйлестіре, басқара білді! Отандастарымыздың боксшыларымызға ыстық қолдау көрсеткені, әнұранға қосылып, мемлекетіміздің атын ұрандатқаны есімізде мәңгі сақталады. Бұның барлығы әрине, қазақ боксының жанашыры - Абу Жолдасовтың арқасында десек артық емес", - деп жазды Кеңес Рақышев facebook парақшасында.

Боксшыларды, жаттықтырушыларды және чемпиондардың аналарын марапаттау рәсімінде Кеңес Рақышевтің арнайы шақыруымен келген Абу Жолдасов та ең құрметті қонақтардың бірі болған.

Абу Жолдасов боксшылар, бапкерлер және журналистердің қошеметіне бөленіп қана қоймай, 3 мың доллар көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды!

Кездесу соңында қазақ боксының басты жанкүйері Абу Жолдасов пен Федерация басшысы Кеңес Рақышев жылы әңгімелесіп, Ханьчжоу Азия ойындары мен Париждегі Олимпиада ойындарына жоспар құрған.

Т. Раушанұлы,
massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале