8.02.2023, 15:30
Оқылды: 70

Тасқын кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін бе?

Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін бе? Қандай жұқпалы және жұқпалы емес аурулар су жолымен беріледі? Су арқылы гепатиттер, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (ауыз судың кеміргіш бөлінділермен ластануы), сальмонеллез, құрттар беріледі.

b4386085442284bc13a01e04e800276b_XL

Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, соның ішінде энтеровирустар, гепатит А және басқалары басым орын алады. Өзендерден, ұсақ көлдерден су тасып, жаңбыр суларымен араласқан кезде еріген су түзіліп, бұл шұңқырлар, шаруашылық аулалар, дәретханалардағы лас қалдықтармен араласып, құдықтар мен скважиналардағы сулардың жаппай ластануына әкеліп соғуы мүмкін.

Су тасқынының тағы бір проблемасы - кеміргіштер, көптеген аурулардың қоздырғыштары, олар тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыру қаупіне ықпал етуі мүмкін.

Сондықтан тұрғындар су тасқыны кезінде келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы қажет:

  1. Қолды сабынмен мұқият жуу, дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындау және тамақтану алдында, жеке учаскеде жұмыс істегеннен кейін мүмкіндігінше қолды жиі жуу.
  2. Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
  3. Азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау.
  4. Тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану.
  5. Жеке гигиена ережелерін сақтау, оның ішінде жас балаларға күтім жасау кезінде.
  6. Көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен өңдеу, ағынды сумен мұқият жуу.
  7. Тұрғын үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау.
  8. Толтырылуына қарай қазылған шұңқырларды сордырып тұру.
  9. Ауыз су мақсатында пайдаланылатын ұңғымаларды тазарту, дезинфекциялау.
  10. Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау.
  11. Жеке учаскеде жұмыс істеген кезде қолды қорғау құралдарын қолдану, лас қол арқылы инфекция ағзаға түспеуі үшін жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз және темекі шекпеңіз.
  12. Тұрғын үйлер мен аула аумақтарын қолғаппен тазалаңыз.

Жедел инфекциялық ауру белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу жергілікті медициналық ұйымнан медициналық көмек сұраңыз.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті гигиеналық ережелерді сақтау Сізді көптеген аурулардан қорғайтынын ескертеді.

 

Ләйлә Өтешева,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

 департаментінің  бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале