24.12.2021, 11:00
Оқылды: 190

Тәуелсіздік белесіндегі кітапхана

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы – еліміздегі тарихы бай, байырғы кітапханалардың бірі. Бүгінде бұл кітапхана облыстағы 360 кітапхананың әдістемелік-үйлестіруші орталығы.

15

Тәуелсіздік жылдарында кітапхана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, бүгінде заманауи ақпарат, кәсіби білім мен мәдениеттің жоғарғы технологиялық орталығына айналып, облыстағы іргелі мәдениет ордасы ретінде мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дамуы жолында еңбек етіп, кітапханалық қызметті жүйелі үйлестіруде және оны ілгерілетуде, оқырман қауымға барлық сала бойынша ақпарат беруде белсенділік танытып келеді.

Кітапхана оқырмандары толастаған емес. Мәдени мұраны жиі насихаттайтын рухани ордаға халықтың құрметі мен ризашылығы шек-сіз. Өз ісінің қыр-сырын терең меңгерген, білімі мен біліктілігін адал қызмет етуге арнаған майталман мамандардың, кітапхана ісі шеберлерінің еңбегі ересен.

1997 жылы облыстық кітапхана «Сорос-Қазақстан» қорының «Электрондық пошта және Интернет» грантын жеңіп алды.

1999-2000 жылдары облыстық кітапхана локальды жүйеге қосылды. Осы жылдары облыс кітапханаларында аутоматтандыру басталды. Интернетті пайдалану мен оқыту мүмкіндігін кеңейту бағдарламасы бойынша пайдаланушыларға арналған дербес компьютерлермен қамтамасыз етілді.

2002 жылы кітапхана «Еуразиялық мәдениет және кітапхана ресурстарының интеграциясы» іс-шарасы аясында конференция өткізді және кітап қорын толықтыруға, компьютерлендіруге кірісті. Кітапхана жаңа технология жетістіктерін күнделікті жұмысты жандандыру мақсатында қарқынды түрде енгізіп, цифрлық сауаттылықты арттыра отырып, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуді және жаппай қолжетімділікті қамтамасыз етуді мақсат тұтты.

Қазіргі уақытта облыстық кітапхана дамыған жаңа технологияларды енгізу арқылы қала тұрғындарына, оқырмандарға жаңа бағдарламалармен, браузерлермен, ақпарат іздеу жүйелерімен, каталогтармен, арнайы сайттармен жұмыс істеуге, виртуалды қатынас жасауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар басқа кітапханалармен байланыс орнатуға, серіктестік қарым-қатынас жасауға, еліміздегі және көршілес мемлекеттердің кітапханаларынан қажетті сапалы білім, таза ақпарат көздерін алуға жол ашты.

16

Кітапханаларда заман талабына сай веб-сайттардың ашылуы оқырмандарға кітапхананың ақпараттық ресурстарын насихаттауға, ақпараттық-библиографиялық қызмет пен аймақтық ақпараттық кеңістіктегі қызметтерді ілгерілетуге септігін тигізді.

Қазіргі кезде облыстағы 18 кітапхананың жеке сайты бар. Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының www.zkolib.kz веб-сайтында кітапхананың тарихы, қызметі, құрылымдық бөлімдері, негізгі сандық көрсеткіштер, мәдени-көпшілік шаралар, электронды каталогы, басылымдары, жобалары, бағдарламалары, өлкетану ресурстары, жаңа әдебиеттері, баспа қызметі ұсынылып, жаңарып, толықтырылып отырады.

Оқырмандар кітапханаға келмей-ақ кітапхана сайтынан жедел әрі тиімді жолмен электронды каталогтардан өздеріне қажетті ақпараттарға қол жеткізеді. Кітапхана сайтында оқырмандардың кез келген сұранысын қамтамасыз ететін виртуалды анықтамалық орналасқан.

Кітапхана пайдаланушыларына интернет арқылы тегін қызмет көрсетумен қоса оқырмандарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету, құжатты электронды жеткізу, жарнамалық-ақпараттық буклеттер, мультимедиялық құралдар шығарумен айналысатын орталық қызметін атқарып келеді. Сонымен бірге оқырмандар кітапхана интернеті арқылы  құжаттардың электронды жеткізілу және ақпараттық-библиографиялық қызметін пайдаланады.

2013-2014 жылдары іске асырылған «Электронды Navigator Батыс Қазақстан облысы кітапханалары» жобасы нәтижесінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланып, облыс кітапханаларының тарихы туралы анықтамалықтың цифрлық нұсқасы дайындалды.

«Ақ Жайықтың әдеби картасы» атты жаңа мультимедиялық  инновациялық жоба 2014 жылы жүзеге асты. Жобаның мақсаты - өлке тарихына деген қызығушылықты арттыру, Ақ Жайықтың әдеби мұрасына, облыстың барлық әдеби ұйымдарына шығармашылық және өлкетанулық деңгейді ұсыну.

Кітапхана сайтында «Біздің Жұбан» әдеби порталы құрылып, мұнда қазақтың ұлы ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет жинақталды. Портал Жұбан туралы мақалаларды, еңбектерді әлі де іздестіру үстінде.

Кітапхана қызметінің негізгі бағыты – мультимедия-лық құралдар дайындау. Мультимедиялық құралдардың технологиясы кітап оқуға қолдау көрсетуде кеңінен қолданылады. Осы бағытта облыстық кітапханада дайындалған инновациялық ресурстар (буктрейлер, виртуальды кітап көрмелері, электронды библиографиялық көрсеткіштер, бейнебаяндар) кітапхана сайтында оқырмандарға ұсынылады. Оқырмандардың кітапханаға көп келуі үшін көрсетілетін қызмет түрлерін жаңарту керек. Қазіргі кезде кітапханаларда жаңа қызмет түрлерін енгізуге ықпал ететін жобалар жүзеге асырылуда.

«Жұбан оқулары» жобасы көрнекті ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығын насихаттауға бағытталған. «Қадыр оқулары» жобасы 2011 жылдан бастап Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын мәнерлеп оқу арқылы жастарды өз Отанын, елін, жерін, ұлтын, ана тілін сүюге тәрбиелеу, жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады.

«Жанұялық оқу орталығы» жобасы оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Орталықтың басты мақсаты – оқуға барлық топтағы оқырмандарды тарту, кітаптың мәртебесін көтеру, әлемдік және ұлттық әдебиет қорларын белсенді түрде насихаттау.

«Жолаушы, жолға кітап ал!» жобасы аясында 2017 жылы кітапхана қорындағы ең көп оқылатын, тілі жатық туындылар электронды нұсқаға айналдырылып, QR-code reader арқылы ұялы телефон немесе планшетке жүктеліп, сапарда оқуға ұсынылды. Жоба жолаушылардың жолда кітап оқуға деген ынтасын арттырумен қатар бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізіп, жолаушыларға көпшілік қызығып оқитын кітапты, жаңа технологияны пайдалана отырып оқуына мүмкіндік туғызды.

«Жаңарған дәуір – жаңғырған оқу» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдағы оқу мәдениетін қалыптастыру үшін қала тұрғындарына арнап, бос уақытты тиімді өткізу мақсатында саябақтарда, жаяу жүргіншілер аймағында, сауда орталықтарында, вокзалда, аутобус бекеті мен аялдамаларда түрлі әдеби шара, көрме, буккроссинг, фестиваль және акция ұйымдастырылады.

«Біздің Жұбан», «Бір өлке. Бір тарих. Бір кітап», «Оқырмандар ұсынады», «Отбасылық оқу – озық дәстүр», «Ұлылардың ұлағатты сөздері» онлайн жобалары да жұмысын жалғастыруда. Тә-уелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы оқырмандар талабына сай қызмет көрсете білді. Заман талабына байланысты әр жылдары оқырмандардың сұранысы өзгеріп отырды.

1990-2000 жылдар аралығында адамдардың кітапханаға келуі толастаған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тұрғындардың басым көпшілігі өздерінің мамандығын нарық талабына сай өзгертіп, оқу орындарында сырттай білім алды. Сол шақтарда оқу залдарында оқырман өте көп болды. Кітапты кезекке тұру арқылы алатын кездер де орын алды. Кітапхана қызметін пайдаланушылардың саны артты.

2010 жылдан бастап ақпараттық технологияның дамуына байланысты керісінше оқу залдарында оқырман азайды. Кітапхана оқырмандарының арасында көркем әдебиет оқуға сұраныс артты. Осыған байланысты кітапханада оқырмандар үшін ақылы түрде «Түнгі абонемент» жұмыс істеді.

Тынымсыз еңбек пен зор ізденісті талап ететін кітапханашы мамандығының қыр-сырын терең меңгерген майталмандар, кітапхана ісінің шеберлері өз ісіне жан-тәнімен беріле отырып, кітапхана тарихын қалыптастыруымен қатар оны дамытады. Осы орайда облыстық кітапхана тарихында саланың дамуына, қордың қалыптасуына, каталогтар мен картотекалардың құрылуына, қызметтің жаңаруына, сондай-ақ әдістеме мен технологияны жаңартуға атсалысқан бірқатар мамандардың есімдерін зор мақтаныш тұтамыз.

Кітапхана қызметін сапалы атқару кәсіби білікті мамандарға тікелей байланысты. Тәуелсіздік жылдарында облыстық кітапхананың шығармашылық кадрлар саны 17,5%-ға, жоғары кәсіби білім-
ді кітапхана мамандарының саны 64,1%-ға өскен. Бүгінгі таңда шығармашылық қызметкерлердің 92,9%-ы – жоғары  кәсіби білімді мамандар.

Қажырлы еңбектің нәтижесі болса керек, 2018 жылы «Рухани қазына» мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің облыстық фестивалінде Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана «Үздік облыстық кітапхана» деп танылды.

2021 жылдың 18-21 ақпаны аралығында Белорусь Республикасының Минск қаласында  «Барша адамзатты біріктіруші құрал – кітап» атты ХVІІІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы қатысып, «Ақ Жайықтың тарихи-әдеби әлемі» атты иллюстративті кітап көрмесін ұсынды.

Биыл «Облыстық кітапхана Тәуелсіздік жылдарында» атты жинақ жарық көрді. Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың 150 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты конференция өтті. «Қазақстан кітапханаларындағы өзекті мәселелер және олардың даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды және кітапхананың 150 жылдығына арналған кітапхана музейі ашылды.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале