12.03.2020, 15:34
Оқылды: 135

«Той-томалақты кейінге қалдыру керек»

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты той-томалақты кейінге шегеру керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Toi

«Үйлену тойы, туған күн мен мерекелер  –  өте маңызды, бірақ денсаулық одан да маңызды мәселе. Мұндай шараларды өткізгісі келген адам жақсылап ойлануы керек. Әсіресе біз көп қонақ шақырып той өткізгенді жақсы көреміз. Шақыратын қонақтардың санын барынша қысқарту керек. Мұндай шараларды кейінге шегеріп тастаса тіптен жақсы», – дейді Ералы Тоғжанов.

ҚазАқпарат

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале