26.06.2020, 16:55
Оқылды: 1361

ҰБТ: бесінші күннің қорытындысы

Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰБТ 2 тестілеу пунктінде (Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ,  Жәңгірхан атындағы БҚАТУ) өтті.

B017049C-7A16-42F7-8AF2-27712D294D78

Бесінші лекке қатысуға тиіс 448 талапкердің 10-ы өз еріктерімен тест тапсыруға келмеді. Тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 2 талапкер тест тапсыруға жіберілмеді. Сонымен қатар 2 талапкер рұқсат етілмеген заттарды пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылып, тест нәтижелері жойылды.

Тестілеудің бесінші күні – 436 талапкер тест тапсырды.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале