12.06.2022, 10:41
Оқылды: 127

Ұлттық ұландықтар қорытынды сынақтан сүрінбей өтті

Оралдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің жеке құрамы қысқы оқу-жаттығу кезеңіне арналған қорытынды сынақтан сәтті өтті.

BA5F371A-1845-4736-8EA5-852B3DA5B207

Негізгі мақсат – жеке құрамның дайындығын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдер батальондарының жауынгерлік даярлығының нақты деңгейін анықтаусонымен қоса бөлімдердің берілген жауынгерлік тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауға дайындығын және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау кезінде бөлімшелер мен олардың командалық-басқару органдарының жауынгерлік даярлық деңгейін және үйлесімділігін бағалау.

Қорытынды тексеру дәстүр бойынша саптық тексерістен басталды. Полктің комиссия мүшелері әскери қызметшілердің сыртқы келбетін, жарғыны білуін, саптық дайындығын, саптық әнін орындауын тексерді.

DC025970-AA72-4018-86A8-E749051D2B00

Бірнеше күн бойы әскери қызметшілер жауынгерлік, мемлекеттік-құқықтық, кәсіптік, арнайы, ату және дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтардан өтті. Әрбір әскери қызметші теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де бағаланды.

«Сұңқар» оқу-жаттығу орталығының базасында жеке құрам қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын, оқ ату негіздері мен ережелерін білуін тексеру арқылы атыс даярлығы бойынша нормативтерді орындады.

6F02D33F-46B4-419D-8DA8-A8B37E6054C4

Атыс дайындығы бойынша жеке құрамнан сынақ алынып, қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары, ату негіздері мен ережелері бойынша білімдері тексерілді. Атыс шебінде күндіз-түні Калашников автоматынан және Макаров тапаншасынан бақылау және оқу ату жаттығулары жүргізілді. Сонымен бірге, штаб қызметкерлері қару-жарақты, магазин жабдықтарын толық құрастырмау және бөлшектеу нормаларын орындады.

3E55841B-E618-4436-BAC4-107F89CFB5A6

Бөлімнің стадионында жеке құрам дене шынықтыру жаттығуларынан өтті. Онда сынақ тапсырушылар арқаннан тартылу мен 100 және 1000 метр қашықтыққа жүгіруден сәтті өтті.

– Тексеру барысында жеке құрамның жауынгерлік даярлығының деңгейі, бөлімшелердің келісілгендігі, жауынгерлік әзірлік жағдайы, тәрбие жұмысы, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіп, әскерлер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі, жеке құрамның жұмысы, қызметке жарамдылығы, қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ қол астындағы қызметкерлерді басқарудың тиімділігі анықталады, - деді әскери бөлім командирі подполковник Сағындық Алқайдаров.

C9AE6C42-66BA-4E90-A719-40C3299EE25C

Қорытынды тексеру нәтижесі 5517 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік әзірлігі жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі, Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале