30.04.2021, 15:25
Оқылды: 317

Үшжақты комиссия отырысында жалақы берешегі бар кәсіпорындар мәселесі қаралды

30 сәуір күні ZOOM платформасында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясының төрағасы Аманжол Алпысбаевтың жетекшілігімен облыстық үшжақты комиссия мүшелерінің қатысуымен кезекті отырысы өтті.

untitleddesign_1_original-4-01

Комиссия отырысының күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, қызметкерлердің облыстық бірлестіктері және жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 20212023 жылдарға арналған келісімге қол қою туралы; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Ахуалдық орталығының» мониторингімен қамтылған кәсіпорындар туралы; «Ахуалдық орталығының» мониторингімен қамтылып, «қызыл аймақтағы» «Уральская мостостроительная компания» ЖШС және басқа да атқарушылық өндірісі қозғалған кәсіпорындарында жалақы берешегінің өтелуі бойынша жұмыстар туралы; «Ахуалдық орталығының» мониторингімен қамтылып, болжамды босатулар қалыптасқан «қызыл аймақтағы» кәсіпорындарда әлеуметтік шиелініске жол бермеу және алдын алу мақсатында жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қабылдау туралы мәселелер қаралды.

ммм

Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова жиын барысында ағымдағы жылдың 12 наурыз күні ҚР Үкіметі мен республикалық жұмысберушілер бірлестігі және республикалық кәсіподақ бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған бас келісімге қол қойылғандығы жөнінде хабардар етіп, бас келісімнің негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

Сондай-ақ, кәсіподақ төрайымы 2021 жылдың 21 сәуір күні ҚРКФ "Қалың қалай, бастауыш ұйым?" акциясы аясында өткен кездесуде "Батыс Су арнасы" ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының жетекшісі көтерген тарифке тәуелді жалақы мәселесін де ортаға салды.

"БҚО Кәсіподақтар орталығы" АКБ

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале