24.11.2023, 15:45
Оқылды: 205

Волейболдан аймақтық турнир өтті

23-24 қарашада Орал қаласында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай волейболдан жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында аймақтық турнир өтті.

7163fa2d-666b-4c1a-9734-a938e14561ae

Сайысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрама командалары қатысты.

1754fd22-0cf5-49af-9d68-fa964d210774
Жарыстың мақсаты – көршілес облыстардың білім ордалары арасында әріптестікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, аймақтық спортты дамытуға үлес қосу. Күнделікті дәрісхананы бір сәт волейбол алаңына алмастырған оқытушылар қауымы үшін бұл нағыз спорт мерекесі болды.

Әуесқой әуедопшылар екі күн бойы тартысты ойын өрнегін көрсетті.

b1b3a2a9-db66-4598-840b-3d31beafd005

Нәтижесінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың құрама командасы жарыс жеңімпазы атанды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушылары екінші, ал Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің командасы үшінші орынға ие болды.

043e33f7-b80c-41d8-94a1-1898961b9df7

Үздік ойынымен көзге түскен әуесқой спортшылар арнайы аталымдар бойынша марапатталды.

Жайнар Жұмабек

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале