4.06.2021, 17:14
Оқылды: 466

«Заң клиникасы» мамандарына жүгінушілер саны артуда

Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанынан 28 мамыр күні ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Заң клиникасы» бөлімшесі ашылған болатын. Бүгінгі таңда «Заң клиникасы» кабинетінде кәсіподақ орталығының, салалық кәсіподақ ұйымдарының заңгерлері, өңірдің медиатор мамандары бекітілген кезекшілік кесте бойынша еңбек қатынастарына байланысты әртүрлі мәселелермен келген жұмысшыларға, кәсіподақ мүшелеріне тегін консультациялық қызмет көрсетуде.

заң

3 маусым күні «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Гүлжанат Құрманғазиева «Заң клиникасы» кабинетінде білім беру саласы мамандарынан келіп түскен сауықтыру жәрдемақыларының төленуіне, мұғалімдер жалақысының еңбек демалыстарының күндері бойынша есептелінуіне және 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімде көрсетілген қосымша үш күндік ақылы демалыстар туралы ауызша-жазбаша үлгідегі өтініш-сұрақтарды қарады. Бұл орайда, салалық кәсіподақ ұйымының заңгері Гүлжанат Есетқызы ҚР Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына, сондай-ақ салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың ережелеріне сүйене отырып өтініш иелеріне құқықтық кеңестер берді.

Сонымен қатар, салалық келісімдерге сәйкес қосымша берілген ақылы еңбек демалыстарын ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы заңдастыру қажет екендігін айтты. Сондай өтініштердің бірі Орал қалалық жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М. есімді азаматшадан келіп түсті. Өтініш мазмұнында жоғары педагогикалық білімінің мамандығы тиісті бейіні бойынша сәйкес келмейтіндігін негізге алып, 2019 жылдың қыркүйек айынан бері еңбекақысы арнаулы орта білімі бойынша төленіп отырғаны жөнінде айтылған. Бұл орайда Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы атынан аталмыш мектеп директорына қызметкердің өтініші бойынша «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес азаматша М-ға 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 2021 жылдың мамыр аралығында еңбекақысының айырмасы есептелініп төлену қажет екендігі туралы хат жолданды.
 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале