31.03.2021, 17:39
Оқылды: 161

«Жалақы өсімі жүргізілетін салаларда барлық қызметкер қамтылуы керек» деген кәсіподақ ұстанымы өз нәтижесін беруде

«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің, мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бұйрық берген болатын. Осы бұйрықты орындау шеңберінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру ұйымдары мұғалімдерінің жалақысы 25% -ға көтерілді, республикалық деңгейдегі мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің — 50%-ға, жергілікті деңгейде — 35%-ға. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілді (01.07.2019 ж. бастап — 30%, 01.01.2020 ж. бастап — 30%)», —  деді,  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

73D79322-6F67-4837-BF3E-520CF27D3925

Ресми жалақының осылай өсуі басқа салалардағы медицина қызметкерлеріне әсер етпегендігіне байланысты (оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар, мектеп-интернаттар және балалар үйлері), Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың қызметтік жалақыларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, барлық қызмет салаларындағы медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеруді көздейтін қаулы жобасын әзірледі. Бұл орайда, Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірқатар Үндеулермен шыққан болатын.

Кәсіподақ үндеуінің басты мазмұны – жалақы өсімінің аталмыш салаларда қызмет ететін барлық санаттағы қызметкерлер үшін  қатысты болу ұсынысы еді.

Өз сөзін жалғай отырып, ҚР Премьер Министрінің орынбасары:

- Білім және ғылым министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарының кітапханашыларына ресми жалақыдан 30% мөлшерінде қосымша төлем белгілеу үшін 2021 жылға 1,8 млрд.теңге сомасында қосымша бюджеттік қаражат бөлу мәселесін пысықтап жатыр. Жалпы, бұл мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында, - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының депутаттық сауалға берген жауабы ҚРКФ-ның үндеулері белгілі бір деңгейде Үкіметтен қолдау тапқанын көрсетеді. Кәсіподақтардың ұстанымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан әскери госпитальдардың медициналық қызметкерлеріне денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина қызметкерлері деңгейінде сыйақы тағайындалды.

Қазіргі кезде Федерация Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде медициналық қызметкерлердің коронавирустық инфекцияны (вирустық пневмониядан) жұқтыру мен өлім жағдайларын оларға тиісті сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жазатайым оқиғаларға жатқызу мәселесін көтеруде.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале