10.06.2021, 22:09
Оқылды: 252

Жаңа бетон зауытында

Өткен жылдың соңында Зашаған кентінде «Орал Транс» ЖШС компаниясы жеке инвестициялық жоба аясында бетон өндіру зауытын іске қосты.  Жобаның құны – 342 млн теңге.

бет

Жаңа зауыт болашақ «Ақжайық» шағынауданының аумағында орналасқан. Сондықтан өндіріс орны жұмыс барысында құрылысшы компаниялардың материалдарды жеткізу шығындарын азайтуға және оларды сапалы бетонмен қамтамасыз етуге қызмет етпек. Зашаған аумағында мұндай басқа кәсіпорын болмағандықтан, қазірдің өзінде бетонға сұраныс аз емес. Негізінен, жеке құрылыс нысандарынан, жаңа білім ұяларының ғимараттарын салушы компаниялардан және басқа да құрылыс нысандарынан тапсырыстар түсуде.

– Бұл жобаны «жандандыруда» облыс әкімдігінің «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қолдау көрсетіп, жер учаскесін қолдануға берді. Бетон зауытының жабдықтарын осы саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын түріктің «ELKON» компаниясы жеткізді. Озық технологиялы кәсіпорын сағатына 60 текше метр бетон шығаруға қауқарлы. Күні ертең құрылыс жұмыстары қызғанда, толық қуатта жұмыс істеуге көшеміз. Әзірге 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бүгінде кеңсе ғимаратын салуға кірістік. Жұмысшыларға арнап жатақхана, асхана салдық. Жалпы, жаңа өндіріс ошағы толық қуатпен жұмыс істегенде, 100 адамды жұмыспен қамтимыз, - деді аталмыш серіктестіктің директоры Темірлан Тілемісов.

Гүлнәр Шәңгерей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале