11.10.2021, 16:46
Оқылды: 125

Жаңа фитнес залы ашылды

Кеше Орал қаласындағы «Omega Sports» спорт кешенінде салтанатты түрде фитнес залы ашылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткен салтанатты шараға арнайы келген қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызы зор екендігін атап өтті.

5C9431BA-E94F-4DAE-B2EB-C18684CE28DA

Спорт кешенінің директоры Венера Бурашева аталған кешен отбасымен арнайы келетін орталыққа айналса деп тілейді. Сондықтан бұл жерде үлкен-кішіге қажетті бар жағдай жасалған. Заманауи спорт кешенінің ішінен ашылған фитнес залы 16 жастан асқан балалар мен үлкендерге арналған.

4FD5A5E6-B5C7-4380-82F8-4174F2C60001

-Жалпы аумағы 3000 шаршы метрді құрайтын нысанда футбол алаңы, балалар бассейні, аэробтық зал, дұрыс тамақтану кафесі бар. Сонымен қатар ата-аналарға арналған жайлы күту залдары қарастырылған. Бассейн екі айлық сәбиден бастап, 12 жасқа дейінгі балаларға арналған. Спорт кешені қазіргі күнде 34 адамды жұмыспен қамтып отыр, - дейді бізбен ой бөліскен Венера Бурашева.

B3DA5349-CA84-4A35-AE69-9F522D0C5D3E

8A364A16-1466-4773-9746-F28782E0A6DD

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 Суретке түсірген Э.Меңдіғали

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале