
Сурет: istockphoto.com
Дәрігердің айтуынша, әр тамақтанғанда көкөніс жеген дұрыс. Сонымен қатар, ағзаға қажет ақуызды да ұмытпаған жөн. Ол сүзбе, ет, балық немесе құс етінде бар.
Кешкі асқа келсек, ол барынша жеңіл әрі қарапайым болғаны дұрыс. Дәрігер кешке ақуызға бай тағамдар мен көкөністерді таңдауға кеңес береді.
Сондай-ақ, ас мәзіріне көк шөп, кебек немесе зығыр дәні секілді жасұныққа бай өнімдерді қосқан жөн. Өйткені олар ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектесіп, ас қорытуды жақсартады.
Дегенмен салмақ тастау үшін тағамды қай уақытта жегеннен гөрі, күнделікті тұтынатын калория мөлшері мен тамақтану теңгерімі маңыздырақ. Көмірсуларды кешке жеу өздігінен салмақ қосуға әсер етпейді.