31.10.2023, 14:45
Оқылды: 90

Жәңгір хан университетінің студенттері компания грантын иеленді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде алғаш рет «Инженерлер форумы» өтті.

IMG_4279

Бұл іс-шараны университеттің «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды. Форумға университет басшылығы, «Шелл Казақстан» компаниясының өкілдері, халықаралық инжинирингтік компаниялар инженерлері мен басшылары, студенттер, мектеп оқушылары қатысты.

Форумның мақсаты – болашақ инженер-химиктер үшін сұқбат алаңын құру, олардың халықаралық компаниялардың мамандарымен кездесіп,  аталған мамандықтың тиімділігін талқылауына, ал жоғары сынып оқушыларының инженер мамандығы туралы толық мағлұмат алуына жағдай жасау. Жиын барысында студенттер мен оқушылар түйіндемені дұрыс толтыру, жұмысқа қабылдау кезіндегі сұқбаттасуға жауап беру туралы мәліметтер алды. Форум барысында университеттің үш командасы энергия тиімділігі, суды тазалау және бұрғылау ұңғымасының тиімділігін арттыру бойынша жобалық жұмысты таныстырды. Жеңімпаз команда «Шелл Казақстан» компаниясы атынан жобаны жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге көлеміндегі грантты иеленді. Өзге қатысушыларға халықаралық сарапшылардан мансаптық коучингтен өту үшін сертификаттар берілді.

IMG_4392

Алдымен сөз алған университет ректоры Асқар Мырзахметұлы:

– Бүгін университет қабырғасында алғаш рет мұнай-газ секторындағы білікті мамандардың, техникалық мамандықтарда оқитын жоғары курс студенттерінің басын қосқан Инженерлер форумы ұйымдастырылып отыр. Мен осындай бастамаға қолдау көрсеткен «Шелл Қазақстан» компаниясының қызметкерлеріне, химиялық инженерияның білім беру бағдарламаларын одан әрі оңтайландыру шараларына белсене атсалысып жүрген халықаралық инжинирнгтік компанияларының басшылары бастаған өнеркәсіптің консультациялық кеңес мүшелеріне алғыс білдіргім келеді. Бұл форумға «Жастех» жобасы аясында химиялық инженерия бойынша кәсіптік бағдар беру даярлығына қатысушы мектеп оқушыларының келгеніне де қуаныштымын, – деп форум жұмысына сәттілік тіледі.

Өз сөзінде «Шелл Қазақстан» компаниясының корпоративтік байланыстар бойынша директоры Айгүл Барменкулова Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесулерінде халықаралық инжинирингтік компаниялардың жергілікті мамандарды, жергілікті компанияларды тарту бағытындағы жобалық, инженерлік жұмыстарының тиімділігіне басымдық беретінін атап өтті.

«Сондықтан міндетті әлеуметтік инвестициямыздан бөлек адами капиталды дамытуға бағытталған ерікті әлеуметтік инвестиция пакетін жүзеге асырудамыз. Қазақстанда біздің міндетті әлеуметтік инвестициямыздан бөлек адами капиталды дамытуға бағытталған ерікті әлеуметтік инвестиция пакетін жүзеге асырудамыз, – деді компания өкілі.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қараша айында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен «Шелл Қазақстан» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Соның нәтижесінде аталмыш компания өндірістің басты бөлігі – химиялық инженерия саласындағы өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісіп келеді. Сонымен қатар компания осы саладағы оқыту бағдарламасын оңтайландыра отырып, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге күш салуда.

Тағы бір айта кетерлігі, биыл Жәңгір хан университетінің құрылғанына 60 жыл толса, аталмыш компанияның Қазақстанға келгеніне 30 жыл болған.

БҚАТУ медиа орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале