30.04.2021, 16:39
Оқылды: 260

Жас мамандар арасында волейболдан спорттық турнир өтті

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында волейболдан спорттық турнир өтті.

тукр3

Спорттық шараның басты мақсаты – кәсіподақ жастары арасындағы достық, әріптестік қарым-қатынасты нығайту; салауатты өмір салтын насихаттау; қызметкерлердің жұмыста жиі шаршау және күйзеліске түсуінің алдын алу.

тур1

Аталмыш шараның бас ұйымдастырушысы №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Азамат Садыров өз сөзінде: «Еңбек ұжымындағы мамандардың көңіл-күйі жұмыс сапасына тікелей әсер етеді. Ал ұжымдағы жас қызметкерлер – бірлестіктегі белсенділікке себепші. Кәсіподақ жұмысының нәтижелі, тиімді, әрі барлық қатысушы тарап үшін қызықты болуы маңызды деп ойлаймын. Бұл үшін әлі де талай жұмыстар атқарылатын болады, - дейді.

тур2

Шара жеңімпаздары кәсіподақ комитетінің арнайы алғыс хат, дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

"БҚО Кәсіподақтар орталығы" АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале