25.05.2021, 19:08
Оқылды: 221

Жастарды қолдау қоғамдық кеңесінің жұмыстары басталды

Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы консультативтік-кеңесші Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

41BA4F6E-1367-437D-8CC7-DD5DBC3246DE

Еске сала кетейік, өңірдегі жастар саясатының қарқынын бақылап, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге ықпал ету мақсатында белсенді жас көшбасшылардың, жас депутаттардың, жас мамандардың қатысуымен еліміздің барлық аймақтарында жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылған болатын. ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан «30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпазы, бүгінгі таңда жобаның өңірде нәтижелі жұмыс жасауына атсалысушы, БҚО кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Ақерке Шайқы аталмыш республикалық кеңестің Батыс Қазақстан облыстық штабының құрамына енгізілді.

Отырыстың күн тәртібінде кеңес мүшелері таныстырылып, «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламаларының аумақтағы жүзеге асу қарқыны жайында баяндама тыңдалып, кеңес мүшелері арасында талқылаулар жүргізілді. Бұл орайда, белсенді кәсіподақ жасы мемлекеттік бағдарламалармен ауылға жұмыс жасауға баратын жас мамандардың баспана мәселесін ортаға салып, жас мамандар үшін берілетін әлеуметтік басымдықтарға тоқталды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ҚР Кәсіподақтар федерациясынан бастау алған «30 Еңбек елшісі» жобасы аясында кәсіподақ жастары жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарындағы жастар бірлестіктерімен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, жастар қанатымен белсенді әріптестік қарым-қатынастар орнатып, жұмыстануда.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале