«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Жедел ішек инфекцияларының алдын алайық!

Батыс Қазақстан облысында осы жылдың төрт айында жедел ішек инфекциясының 228 жағдайы тіркелген.

Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Балалар, әсіресе жылы мезгілде ішек инфекцияларына сезімтал. Бұл қорғаныш факторларының белсенділігінің төмендігімен, сондай-ақ балаларда қалыптасқан гигиеналық дағдылардың болмауымен байланысты.

ЖП Тамак

Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен сыртқы ортаға түсіп, тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықтың болмауынан, жуылмаған көкөністер, пісірілмеген сүт, сапасыз, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішу, тағы басқасы болуы мүмкін.

Аурудың алғашқы белгілері: іштің жиі су сияқты өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеттің болмауы, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы.

Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастағаннан дереу дәрігерге көріну керек.

 

Жіті ішек инфекцияларының негізгі алдын алу шаралары:

– Жеке гигиена ережелерін сақтау, тамақ ішердің алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

– Су ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

– Пайдаланудың алдында жеміс пен көкөністі жақсылап жуып, қайнаған сумен шаю;

– Тамаққа термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану. Тамақты тіпті тоңазытқыштың өзінде ұзақ сақтамау;

– Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тек салқын жерде сақтау, жарамдылық мерзімі өткен азық-түлікті пайдаланбау;

– Шикі өнімдерді өңдеу үшін жеке асүй жабдықтарын (пышақ және кесу тақтайлары) қолдану. Шикі өнімдерді дайын өнімдерден бөлек сақтау;

– Тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылу. Суқоймаларда және бассейндерде шомылған кезде ауызға судың кетпеуін қадағалау;

– Үйді, ауланы таза ұстау.

 

Л.Исенжулова,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале