27.07.2023, 10:00
Оқылды: 65

Жемқорлар мерзімінен бұрын босатылмайды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы жеке және заңды тұлғаларға бірдей қолданылады. Әрбір азамат қандай да бір іс-әрекет жасаған кезде заңда көзделген жауапкершілікті есте сақтауы тиіс. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін жазалар қатаңдатылды. Сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Сондай-ақ табыстарды жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.

ЖП Сыбайлас

Сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылықтар әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық болып бөлінеді. Сыбайлас жемқорлықтың  ең қауіпті нысандары қылмыс ретінде сараланады. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 15-тарауында көзделгендей, ең алдымен, пара беру, пара алу, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, қызметтік жалғандық және басқалар жатады. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік құрылым мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың жолын кесу үшін жүргізілген тексерулер мен берілген рұқсат құжаттарының нәтижелеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Қорытындылай келе айтарым, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың әрбір қызметкері осы салалардың қызметін реттейтін ҚР заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің барлық талабын орындауға міндетті. Сонымен бірге белгілі бір заңсыз әрекеттерге арандату мүмкіндігін болдырмау үшін қажетті талаптарды өз бетінше қабылдауға тиіс екенін атап өткім келеді. Мысалы, пара беру және басқа әрекеттер туралы хабарлау.

Егер сіз санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары немесе моральдық-этикалық нормаларды бұзғаны туралы білсеңіз, бұл туралы Әдеп жөніндегі уәкіл – департамент басшысының орынбасары Нұрсұлу Сариеваға хабарлауыңызға болады. Азаматтарды әр бейсенбі сайын сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Департамент басшысы азаматтарды қабылдауды әр дүйсенбі, жұма күндері сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүргізеді. Департаментке сенім телефоны арқылы да хабарласуға болады: +7 (7112) 51-27-66,
+7 (7172) 74-18-21.

 

Аида Баймұханбетова,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале