Жастар шығармашылығы орталығына – 20 жыл
5 Желтоқсан 2022

Жастар шығармашылығы орталығына – 20 жыл

«Маған айнадан Ахмет қарап тұрды!»
5 Желтоқсан 2022

«Маған айнадан Ахмет қарап тұрды!»

Полицияға тастанды сәбилер туралы хабарламаған дәрігерлерге айыппұл салынбақ
5 Желтоқсан 2022

Полицияға тастанды сәбилер туралы хабарламаған дәрігерлерге айыппұл салынбақ

Он саусағынан өнер тамған
5 Желтоқсан 2022

Он саусағынан өнер тамған

Сот жүйесіндегі ІТ-технология
5 Желтоқсан 2022

Сот жүйесіндегі ІТ-технология

Вице-министр жұмыс сапарымен Орал қаласына келеді
5 Желтоқсан 2022

Вице-министр жұмыс сапарымен Орал қаласына келеді

Журналистер «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша енді БАҚ қызметкерлері тағылымдамадан өте алады. Журналистер, режисерлер, операторлар, графистер әлемнің жетекші шетелдік ұйымдары мен ЖОО-ларында «Операторлық өнер», «Режиссура», «Журналистика», «Визуалды әсерлер. 3d анимация» және т.б. мамандықтар бойынша біліктілігін арттыруға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220824125422680e

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өте алатын қызметкерлердің тізімі жыл сайын кеңейтіліп отырады.

«Орталық қазақстандық мамандардың кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері де «Болашақ» бағдарламасымен беделді шетелдік ЖОО-лар мен ұйымдарда тағылымдамадан өте алады. Бұл еліміздегі медиа кеңістігінің дамуына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын, - деп атап өтті Әнуар Жанғозин.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болуы тиіс, соның ішінде соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ шетелдік ұйымнан шақыру мен нәтижесі В1 деңгейінен кем емес ҚАЗТЕСТ сертификаты болу керек.

Тағылымдамадан өту үшін халықаралық стипендияны тағайындауға конкурстық іріктеуге құжаттар қабылдау ағымдағы жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. Биыл тағылымдама бағдараламасы бойынша қызметкерлердің 7 санаты үшін 110 стипендия бөлінді. Олардың қатарында инженерлік-техникалық қызметкерлер, медициналық қызметкерлер, мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері, БАҚ қызметкерлері, АӨК қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер кепілге мүлік ұсынбайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті. Гарант ретінде соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі ҚР азаматтары бола алады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале