27.06.2022, 12:44
Оқылды: 135

Журналистерге арналған шеберлік сағаты

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өтіп жатқан медиамарафон аясында Оралдағы NIS-те бір топ журналистке шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Сан мың мамандық туралы қалам тербеп, журналистік зерттеу арнап жүрген тілшілер қауымы бұл күні көзе ұршығында қыш ыдыс жасап, ұрмалы аспап – барабанда ойнаудың қыр-сырымен танысып, психологиялық тренинге қатысты.

InShot_20220627_122827414

Шеберлік сағатын ұйымдастырушы педагогтер көзешілік өнер саусақтың ұсақ моторикасын жаттықтырып, баланың ойлау, тепе-теңдік ұстау, визуалды көру, сенімділік секілді дағдыларын дамытатынын айтып берсе, барабанда ойнау балалар темірдей тәртіпке дағдыланатынын жеткізді. ⠀

 «Ақжайық» телеарнасы бейнемұрағат бөлімінің меңгерушісі Рабиға Мұқанғалиева сазбен жұмыс істеуді бала кезінен жақсы көретіндігімен бөлісті. Қыш құмыра жасау сабағы оның арманының орындалғаны ғана емес, сонымен қатар мықты эмоция сезгендігін айтты.

Журналистерді төл мерекелерімен құттықтаған мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, тың тақырып, жүйрік қалам және оқырман мен көрермендердің шынайы алғысын тіледі.

Айдана Хамидуллина,

Орал қаласындағы Назарбаев

Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале