5.04.2020, 22:07
Оқылды: 122

Жымпитыдағы блокбекеттің жұмысы қалыпты

Бүгін бекет басында Сырым аудандық полиция бөлімінің криминалисті, полиция аға лейтенанты Асланбек Исламғалиев, бөлімнің аналитикалық-ақпараттық тобының аға инспекторы, полиция капитаны Жангүл Бисембиева, фельдшер Роза Кауенова және кезекші, Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мәлік Айнұров тұр.

dav

Алдыңғы күндердегідей емес, округтердің орталықпен қатынасы саябырлаған. Шлагбаумнан тек транзиттік көліктер жіберілуде. Арнайы құжаты бар жолаушылар тіркелу арқылы өтіп жатыр. Олардың қатары көп емес.

-Халық тәртіп, ережеге бағынуда. Жымпитылықтар санитарлық бекетте тұрған полицейлер мен медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, түскі ас дайындап, беріп жіберуде. Волонтер тұрғындардың көңілі бізге күш – қуат береді. Оларға бөлімнің атынан рахмет айтамыз! – дейді Жангүл Бисембиева.

dav

dav

dav

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале