21.10.2021, 20:21
Оқылды: 406

БҚО-да «Парасатты отбасы» байқауы қорытындыланды

Бүгін оқушылар және жастар сарайында облыстық «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

c736ef73-9368-4f54-9ecc-e531d5ec0aa7

Байқаудың мақсаты – қоғамның негізін қалайтын отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

Салтанатты шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, облыстық білім басқармасының басшысы А.Ә.Мыңбаева, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ж.Бекназаров, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Ө.Салиева, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

85eb66e9-e398-4cb4-bc8d-e1779eca4e21

Р.С.Ақмырзаев: «Қазіргі ел өркендеуінің өтпелі кезеңінде көрініс беріп отырған кей келеңсіз жағдайлар тұсында рухани – адамгершілік тәрбиесінің ерекше маңызға ие екені айқын аңғарылуда. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруда әрбір отбасында берілетін тәрбиенің орын ерекше болып табылады» - деп атап өтті.

Облыстық «Парасатты отбасы» байқауына 116 отбасы қатысып, үздік деп танылған 10 отбасы 10 номинация бойынша жеңімпаз атанды.

«Парасатты отбасы» байқауының жеңімпазы болып Рустемовтер отбасы (Орал қаласы) танылса, 2 орынды Тасболатовтар отбасы (Казталов ауданы), 3 орынды Тулеповтер отбасы (Орал қаласы) иеленді.

Байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаз отбасылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, «Жемқорлық – індет, жою – міндет» тақырыбындағы тикток байқауында үздік деп танылған Хиуаз Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің жас ұстаздары марапатталды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале