16.02.2021, 19:09
Оқылды: 757

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшылығы және БҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басшылығымен ұжымның кездесуі 

2021 жылғы 11 ақпанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және БҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басшылығымен "БҚО Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыным қаралды.

072E3B01-AFDD-4D91-B942-45D7C508BE30

Кеңесте департамент басшылығы жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы жеткізіліп, қызмет процесінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар берілді. Сонымен қатар БҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басшылығына төмендегілер ұсынылды:

- филиал қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, сондай-ақ парасаттылық, адалдық қағидаттары негізінде қызметкерлердің жеке қасиеттерін қалыптастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс ұйымдастыру.

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ескерту және жолын кесу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығын тіркеу кезінде заңнаманы түсіндіру бойынша жұмысты жыл соңына дейін тиісті іс-шаралар өткізу жоспарын бекіту жолымен күшейту (СОО тікелей эфирге шығу.радио, БАҚ-та мақалалар жариялау және т.б.).

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

        БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале