Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бүгінгі қабылдауға төрт жерлесіміз келіп, жұмыс және тұрғын үй мәселелерін айтып, көмек сұрады. Қабылдауда болған Жәнібек ауылының тұрғыны Төлеғаным Құмашева жеке мәселесін ортаға салса, жәнібектік Сағида Аққалиева, Дәмеш Жүнісова және ақобалық Жансұлу Бажиева жұмыс сұрай келгендерін жасырмады. Жерлестердің уәждерін тыңдаған аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы Жәнібек ауданы әкімдігінің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығу керектігін, аталмыш мекемеде тіркеуде тұрған жағдайда ғана бос жұмыс орнына жұмысқа алынатындарын тілге тиек етті. Қабылдауға мекеме басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
А.ҚУАНҰЛЫ