4.07.2016, 13:30
Оқылды: 47

Аурухана жастары ауызашар ұйымдастырды

aurukhana auizasharКеше Қаратөбе аудандық орталық ауруханасының белсенді жастары мешіт үйінде ораза тұтқан жандарға ауызашар ұйымдастырды.


 

Аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев жамағатқа қасиетті Рамазан айында ораза тұту, оның қадір-қасиеті жөнінде толыққанды түсінік беріп, уағыз айтты.

Қасиетті айда қаратөбелік ағайынға ауызашар ұйымдастырған аурухана жастарына ораза тұтқан жандар ризашылығын білдірді.

Ақ дастарқан басында бірлік, татулық, ынтымақ турасында әңгіме қозғалды.

Одан соң жамағат тарауих намазына қатысты. 

www.zhaikpress.kz
Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале