3.05.2022, 18:00
Оқылды: 55

Әйел-аналар спорттық сынға түсті

Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Жәнібек ауданының 100 жылдығы, аудандық аналар кеңесі мен «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің 5 жылдығына орай аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Денсаулық – басты байлық» атты эстафеталық сайыс өтті.

IMG-20220503-WA0049

Жарысқа барлық ауылдық округтердегі аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Алғашқы құттықтау сөз «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиевке беріліп, ол өз кезегінде нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрмен қарай аудан өнерпазы Елтай Әубекеров ән шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сайыс «Дарабоз», «Кім жылдам?», «Соқыр теке», «Доппен жарыс», «Кім епті?», «Шалшық судан өту» сынды эстафеталық ойындардан тұрды. Әйел-аналар жас ерекшеліктеріне қарамай, барлық кедергілерден өтті. Жарыс көңілді, қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

IMG-20220503-WA0048

Нәтижесінде, сайысқа қатысқан тоғыз команда аталымдармен марапатталып, достық қарым-қатынас күшейе түсті. Дәлірек айтсақ, «Жүзден жүйрік» – «Борсы ханымдары» командасы (Борсы ауылы), «Шеберлігі мен шығармашылығы ұштасқан» – «Жұлдыз» командасы (Қамысты ауылы), «Епті, білекті» – «Салтанат» (Ақоба ауылы), «Қимыл қозғалысы мінсіз» – «Қыран» (Тау ауылы), «Сымбатына ептілігі сай» – «Инабат» (Ұзынкөл ауылы), «Салауатты болу салтына лайық» – «Қызғалдақ» (Жақсыбай ауылы), «Ынтымағы жарасқан» – «Аяла» (Күйгенкөл ауылы), «Бірлікті пір тұтқан» – «Нәзік» (Жәнібек ауылы) және «Жігері жасымаған» – «Самұрық» (Талов ауылы) марапатталды. Барлық қатысушыларға аудандық «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің атынан диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Сапашева мен «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Елемесова сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді.

IMG-20220503-WA0047

Эстафеталық сайыстан кейін барлық қатысушылар аудандық өлкетану музейі мен «Жайлау» ат спорты кешенін аралап, көтеріңкі көңіл күйде тарасты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале