23.10.2021, 20:42
Оқылды: 154

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойына орай ауданымызда  іс-шаралар көптеп өткізілуде. Солардың қатарында аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан ауылдық округтердегі Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

29

Аудандық мәдениет үйінде Ақшат ауылдық округінің көркемөнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.

34

Жас ақын А.Исекеновтің  «Тәуелсіздік - бабамнан қалған мұра» атты көркемсөзімен  ашылған концерт барысында А.Мақсотова «Айналдым елім», Әнел және Айым Назаровалар «Қазағым», «Тәуелсіз қазақтың қызымын», Д. Кубжанова «Қазақ осы», А.Мақсотова мен А.Оспанова «Жайықтың толқындары», А. Исекенов «Елге сапар», А.Оспанова «Мир» әндерін тамылжыта орындады. Сондай-ақ "Жауқазын" би тобының «Шашу», «Борвино» украин ұлттық орталығы тобының «Украин биі», «Арай» балабақша тәрбиешілерінің флешмобы көрермендердің көңілінен шығып, қошеметке ие болды.

32

Концерт соңында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Сәмиев ақшаттық өнерпаздарға тамаша концерттік бағдарлама үшін өзінің жылы лебізін білдіріп, аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың атынан Алғыс хат табыс етті.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале