14.09.2021, 12:02
Оқылды: 65

Ақырап әкім кубогін алды немесе қолдаусыз қалған "Қуаныш"

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қала күніне орай облыс орталығы Орал қаласында қала әкімінің жүлдесіне арналған республикалық командалардың қатысуымен "Жайдарман" фестивалі өткен болатын.

8
"13 команда арасынан Сырым ауданының намысын қорғаған "Ақырап 25" командасы І орын иеленді" - деп жерлестеріне дем бере барған Мерей Меңжанов сүйінші жаңалықпен бөлісті.
Алайда, бір "әттеген-ай" ақжолтай жаңалықты естіген біздің де, ақыраптық жігіттердің де көңілін су сепкендей лезде басты.
Қызылорда қаласында өтетін "Сыр елі" республикалық І лигасына жолдама алып тұрған жерлестеріміз демеушінің жоқтығынан аталмыш лигаға бара алмай қалғандығы қынжылтады.
- Осы күнге дейін "Маусымашар", телевизиялық ойындарға жолдама, 1/8, 1/4 ойындарына белсене қатысқан біздер өз қаражатымызбен қатысып жүрген жастар қатарынанбыз. Демеушілер табылып, тек жолақы, жататын орын ұйымдастырып берсе, аудан, облыс намысын республикалық деңгейде қорғауға әбден мүмкіндігіміз жетерліктей, - дейді құрама мүшесі Е.Мнапи.

9
Айта кету керек, Орал қаласы әкімінің кубогында біздің ақыраптық жігіттер үштіктің көш басында, ақтөбелік "Сөз жоқ",  қостанайлық "Рудный" секілді мықты құрамаларымен иық тірестірді.

Рас, қазіргі таңда кез келген байқауда талантың, қарым-қабілетің болуы өз алдына, демеу білдіре алатын демеушінің болуы да өзекті мәселеге айналған жайдарманшылар үшін. Сырымдық "Ақырап25" командасының да осы жолғы қуанышы "қолдаусыз" қалды. Дер кезінде демеушілер табылса, дарынды жігіттердің де өнеріне тұсау болмас еді.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале