27.10.2017, 11:48
Оқылды: 876

Ақжайық ауданында 34 отбасы дәстүрлі емес дінді ұстанады

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушевтің төрағалығымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша жүздесу өтті.

Жиынға қатысқан облыстық Дін басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологі Мұратбек Қыстаубаев, аудандағы «Таным» деструктивті діни ағымдардан қорғау орталығының теологі Жалғас Маратов діни тұрақтылықты сақтау, кейбір отбасылардың мектептерде оқитын ұл-қыздарының киім киісіне қатысты пікірлерін білдірді.

Аудан бойынша 34 отбасы дәстүрлі емес дінді ұстанады. Яғни, сол отбасылардың ұл-қыздары да ата-анасына құлақ асатыны сөзсіз. Мысалы, осы уақытқа діни атрибутты киім киіп, мәселе туғызған 20 қыз бала болса, олардың 10-ы құзыретті органдардың, жауапты мекемелердің ата-аналармен жұмыстануы арқасында  мектеп формасын киюге келіскен. Осындай оң өзгерістердің өрісі кеңейсе, құба-құп.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале