31.01.2020, 20:00
Оқылды: 160

Ақжайық ауданының әкімі ақсақалдармен кеңесті

Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов ардагерлер кеңесі алдында өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жоспарларымен бөлісті.

IMG-20200131-WA0158

Ағымдағы жылдың еншісінде көшелерді жарықтандырып, орталықтан тұрғындар демалатын және мерекелік кештер ұйымдастыратын алаң салу секілді ірі жобалар бар екен. "Болашақта аудан орталығында ірі супермаркет пен қоғамдық монша бой көтермек. 320 адамдық спорттық кешен салу да биылғы жылы басталмақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы үлкен жобаларды қолға алып, жанармай құю бекеті, жылыжай салынуда. Ал бөтелкедегі су өндіру мен сүт өнімдерін шығаратын шағын цех жабдықтау аудан үшін қажетті бастамалар", - деді Қалияр Шадиярұлы.

IMG-20200131-WA0156

Жиын барысында полиция қызметкерлерінің жетіспеуі мен канал суларының тартылуы сынды мәселелер де талқыланды. Мал бағымын дұрыс жүйеге келтіру де кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Отырыста осы мәселе бойынша АӨК құрып, ауыл малын асылдандыру да назардан тыс қалмайтындығы айтылды.

IMG-20200131-WA0157

Сондай-ақ, Жайық өзенінің арғы бетіне еркін қатынау үшін үлкен көпір салу бойынша халық сұранысы парламент депутаттары деңгейінде қаралып жатқандығы, көңілге демеу береді. Соңғы үш айда қалқымалы көпірден 6 мың автокөлік өткен екен. Көпірдің қажеттілігін осыдан-ақ байқаса болғандай.

Басқосу барысында ел ағалары аудан басшысының бастамаларына қолдау танытып, ұсыныстарын жеткізді.

Рауан Таңатжанұлы,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале