6.04.2018, 10:12
Оқылды: 55

Ақжайық музейінде археологиялық бөлім ашылды

Ақжайық ауданы орталығындағы тарихи-өлкетану музейі тағы бір бөліммен толықты. Осында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ғылыми бағдарламасына байланысты археологиялық бөлім ашылды.

Мұнда Қысық-қамыс обасынан табылған жебенің үш қанатты темір ұштары, жаңқадан жасалған түрлі қалыптағы қырғыш, Ілекшар қорымынан табылған б.д.д. І, ІІІ-ІІ ғасырларға тиесілі тастан жасалған төс бар. Сонымен қатар орта ғасыр дәуіріне жататын тікбұрышты сұр түсті тас, Пойма обасынан табылған б.д.д ІV-ІІІ ғасырларға жататын қол ұршығына арналған тас, қола жебе ұштары көрмеден орын тепкен.

Музейде бұған дейін аудан тарихына қатысты құнды жәдігерлер, ұлы тұлғаларға арналған бұрыштармен қосқанда 10 бөлімнің қатарына сөйтіп, археологиялық бөлім қосылды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале