26.06.2020, 15:50
Оқылды: 49

Ақжайықта журналистерді әкім құттықтады

Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Жайық таңы» газетінің шығармашылық ұжымын, ардагер журналистерді және басылымның бір топ қоғамдық тілшілерін қабылдады.

IMG_3290

- Қоғамның маңызды бөлшегі ретінде билік органдары мен азаматтар арасындағы дәнекер қызметін атқарып, ауыл-еліміздің барлық жетістіктеріне лайықты үлес қосудасыздар. Қиындығы, өзіндік ерекшелігі мол журналистикадағы еңбектеріңізді жұртымыз қашанда жоғары бағалайды, құрметтейді. Халқымыздың мүддесі жолында еңбек етіп, ақпарат тасқыны дәуірінде беделдеріңіздің асқақ боларына мен де сенімдімін,- деді  жүздесуде аудан әкімі Қ. Айтмұхамбетов.

IMG_3298

Өз кезегінде аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев та БАҚ қызметкерлеріне ризашылығын, ізгі тілегін жеткізді. Әлеуметті ұйыстыруда, патриотизмге тәрбиелеуде медиакеңістіктің орны орасан екенін айтқан ол газеттің тынысында қоғамдық авторлардың да  белседілігі  жоғары екендігін ұмыт қалдырмады.  Әрі баспасөзде бұл таңда тұрақты көтерілуге тиісті, яғни, адамгершілік, имандылық, еңбекқорлық мәселелері терең қамтылуға, ауыл-елдің өткен тарихын жан-жақты зерделеуге байланысты толғамдар  да ортаға салынды.

IMG_3301

Кездесуде газетіміздің штаттан тыс тілшісі, еңбек ардагері Мерует Қауымбаева ауыл-елдің жайын қаузай келе, аудан басшысына жуырда баспадан шыққан жаңа кітабын тарту етті. Ал, ақын Сағынтай Бисенғалиев әлеуметтік желілер жұртты шынайы ақпараттан адастырып отырған бүгінгі күні дәстүрлі басылымдар өз орнын нығайтуы қажеттігін әңгімеледі. Ол әйгілі ақын жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің мерейтойын жоғары деңгейде өткізуде   ауданға көп салмақ түсетініне, ол үшін ел болып жұмылу қажеттігіне де  жиналғандар назарын аударды.

IMG_3305

                                                                       Әлия ШАРАПИЕВА,

                                                                          Ақжайық ауданы

                                               Суреттерді түсірген Азамат ҚАНАПИЯ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале