1.11.2021, 18:00
Оқылды: 152

Әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Шарада LED экраннан әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің жұмыстары бейнетоптама арқылы көрсетіліп, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевке құттықтау сөз кезегі берілді.

23

 – Әлеуметтік қызметкерлер – бұл адамдардың мәселелерін өздеріне бірінші қабылдайтын және осы мәселелерді өз мүмкіндігіне қарай шешуге көмектесетін жандар. Азаматтарға қамқор бұл құрылымның қызметі қашанда сұранысқа ие. Өйткені олар мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлермен әлеуметтік осал топтар, көп балалы отбасы  және мүмкіндігі шектеулі жандарға жанашырлық танытып, көмек көрсететін үлкен сала. Өздерңізге белгілі ауданымыз бойынша да, әлеуметтік салада көптеген азамат пен азаматшалар қызмет жасап келеді. Ауданымыздың әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін тер төгіп  еңбек етіп жүргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! - деп ақжарма тілегін жеткізді.

26

27

28

Мерекелік салтанатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрмет грамотасымен Абай Байғұттұлы, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алғыс хатымен Қоскөл ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Анаргүл Әмірова мен Қаратөбе ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Асылзада Қабиева марапатталды. Сонымен қатар, аудан әкімінің алғыс хатымен бір топ сала қызметкерлері марапатталды.

30

29

Шара  Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концерттік бағдарламада «Туған жер», «Ауылдың адамдары», «Қазақтың ұлымын», Құрманғазының «Қызыл қайың» күйі, «Ақбақай» тобы «Бір бала»  әнін шырқады.

Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале