2.07.2021, 9:45
Оқылды: 181

Алғыс арқалаған күн

Бұқаралық арпарат қызеткерлері күніне орай аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ержан Макишев «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің редакциясына арнайы келіп, Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы, генерал-майор  М.Аблазимовтың алғысхатын табыстады.

D566FA64-B7FF-442A-8AB7-E4B15B4903E0

- Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметіне ақпараттық қолдау білдіріп, атқарған игі жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі жариялап, өзара ынтымақтастықта қызмет еткеніңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Осынау кәсіби мерекеңізбен құттықтай келе, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге шығармашылық табыс тілеймін. Халыққа жасаған қызметіңіз абырой әкеліп, алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіз! – деген полиция майоры Ержан Мұхтарұлы өзінің әріптестері атынан да газет ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, сыйлық табыс етті.

Сонымен қатар кәсіби мерекемізге газеттің жауапты хатшысы Жанайдар Болатбекұлы «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Табылғали Сапаровтың, Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшиннің алғысхатымен марапатталды.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале