16.05.2023, 21:01
Оқылды: 22

Алманиязға құрмет көрсетті

Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев параолимпиада ойындарының қол күресінен Азия чемпионы, саралжындық жерлесіміз Алманияз Қаналиевті қабылдап, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алуымен құттықтады.

WhatsApp Image 2023-05-16 at 17.17.31 (1)

Шараға қатысқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жоламан Сисенғалиев, "Орда" спорт клубының директоры Жасұлан Хайрушевтарда байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап, аудан атын шығарып жүрген Алманияз бауырымызға ақ тілектерін жеткізді.

WhatsApp Image 2023-05-16 at 17.17.31
Алманияз Қаналиев та арнайы қабылдау өткізіп, құрмет көрсеткен басшыларға алғысын білдіріп, қолдан келгенше Бөкей жұртының жақсы атын шығаруға тырысатынын айтты.

"Орда жұлдызы",

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале