5.05.2022, 11:30
Оқылды: 52

Ән авторларымен өткен кездесу кеші

Аудан әкімдігінің залында Жәнібек ауданының құрылғанына 100 жыл толуына арналған «Жәнібек - алтын бесік, киелі елім» тақырыбында Жәнібек туралы жазылған әндердің авторларымен кездесу кеші өтті.

IMG-20220504-WA0260

Кеш төріне Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын, «Тіл жанашыры», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері Мұнайдар Балмолда, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші-сазгер Жаскелең Ғайсағалиев және жерлесіміз, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Қуаныш Қисметов шақырылды.

IMG-20220504-WA0227 (1)

Кезегімен сөз алған қонақтар ел, жер, тарих туралы, әннің шығуы, ауылда өткен балалық шақ туралы әңгіме тиегін ағытты. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев елім, жерім деп келген меймандарға қош келдіңіздер айтып, ауданның жер, су атаулары мен осы өңірден шыққан батырлар жөнінде сөз сабақтаса, зейнеткер Самиға Қайырова тіл туралы, балалардың тәлім-тәрбиесі хақында ой өрбітті.

А.Қожағұл,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале