8.04.2022, 21:09
Оқылды: 101

Анар - «Үздік жас кәсіпкер»

Бүгінгі уақытта да ер-азаматтардан қалыспай, қажырлы жұмыс істеген аналар әйелдің үй мен түздің тірлігін қатар алып жүре алатындығын байқатқандай. Бүгінгі әйел бейнесі – іскер, басшы, қызметкер сынды лауазыммен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Сондай жаны нәзік, қайраты құрыш әйел-ана Анар Қайрекенова тағы бір жеңіске жетті.

1832B437-A479-43E0-B53E-A2415D9E4DEC

Үш баласын тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Теректі ауданының Подстепный ауылында тұрады. Ер жігіттей «сегіз қырлы, бір сырлы». Ауласында бройлер балапан бағады. Оны инкубатормен өзі басып шығарады. Оларды азықтандыруға көк шөпті гидропоника тәсілімен өсіруді меңгерген. Балапан кептіретін брудер, суаратын құрылғыны да өзі жасап алады. Тәтті-дәмді пісіретін «он саусағынан бал тамаған» аспаз. Қазір Теректі колледжінде аспаздық оқып жүр. Ол аз десеңіз, қоғамдық шараларға да белсенді қатысады.

Анар Қайрекенова биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатарлас Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына 25 жыл толуына орай облыста өткен  «Еңбегі жанған арулар» форумында  «Қайсар ана» аталымына ие болды. Ол БҚО әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, БҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ж.Төремұратованың атынан марапат алды.

Анар Қуанышқалиқызы күні кеше тағы бір марапатқа ие болды. «Жылдың үздік жас кәсіпкері» республикалық байқауына қатысып, жүлдеге ілікті. «Жылдың үздік жас кәсіпкері» төсбелгісін иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды және еңбегі "Жылдың жас үздік кәсіпкері" кітап жинағында жарияланады.

Құттықтаймыз, қайсар ана, үздік кәсіпкер Анар Қайрекенова!

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале