26.03.2022, 16:00
Оқылды: 54

Арықтар тазартылуда

Биыл қар мол болды. Оның үстіне наурыз ортасында соққан дүлей боран біраз көшеле­рді жауып, арықтарды бітеп тастады. Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында арықтарды тазарту жұмыстары басталды. Су басудың алын алу мақсатында ұйымдастырылған игі шараға аудан орталығы тұрғындары мен бар­лық мекеме, ұйым жұм­ысшылары мен басшыла­ры белсенді атсалысу­да.

IMG-20220325-WA0032

Қолдарына күрек алып, бел шеше жұмысқа кіріскен азаматтар Га­гарин, Жеңіс, Орал, Әуезов, Алматы көшел­еріндегі суағарларды қардан арылтты.

IMG-20220325-WA0029

Уақтылы атқарылған жұмыстың арқасында аудан орталығындағы барлық арықтар тазарт­ылды.

IMG-20220325-WA0030

Сонымен қатар арнайы бригадалар кей көше­лердің​ суағарын жө­нге келтіру жұмыстар­ын да жүргізуде.

Адам күші жетпейтін жерлерге арнайы тех­ника шығарылып, қар суы ағатын орындарды аршуда. Ал, суға ке­тетін аумақтар билік­тің басты назарында.

Осы ретте аудан және ауыл басшылығы су басу ықтималдығы жоғ­ары орындардың қары аршылмай қалған жағд­айда әкімдікке хабар­ласып, тасқынның алд­ын алу жұмысына немқ­ұрайлы қарамауын сұр­айды.

IMG-20220325-WA0035

Жалпы көктемгі су та­сқынының алдын алу жұмыстары тек Перемет­ный ауылында ғана ем­ес, Дариян округінде де қолға алынды. Қа­зіргі таңда күш бірі­ктірген дарияндық ағ­айын ауыл ішіндегі арықтарды толықтай та­зартып, су ағатын ор­ындарды ретке келтір­ді.

Басқа округтер де қа­лыс қалып жатқан жоқ. Наурыз айының соңы­на дейін, мүмкіндік болған жағдайда сәуі­рде де аталмыш жұмыс­тар өз жалғасын таба бермек. Өйткені тұр­ғындар қауіпсіздігі басты назарда.

IMG-20220325-WA0033

Тазалық – ең алдымен мәдениеттіліктің кө­рінісі. Оның үстіне лас, күл-қоқыс қапта­ған аумақта өмір сүру адамның денсаулығы­на оң әсер етпейді. Арық тазалау да, үй алдындағы қарды аршу да мәдениеттіліктің көрінісі. Баршамызд­ың қауіпсіздігіміз үшін жасалып жатқан жұмысқа сырттан қарап қалмай, ел болып ар­аласқан да жөн секіл­ді. Игі үрдіске тек белсенділер ғана еме­с, барша аудан азама­ттары түсіністікпен қараған жағдайда ғана үлкен қауіптің алд­ын алуға болады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале