15.04.2021, 16:11
Оқылды: 76

Әуесқой жүйріктер анықталды

Денсаулық – кез келген адам үшін басты құндылық. Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Janaqala runners» әуесқой жүгірушілер клубының ұйымдастыруымен денсаулық күніне орай жүгіру марафоны өтті.

2901344C-FF31-4978-BA07-B0A472863947

Аталмыш марафон карантиндік талаптарды толықтай сақтай отырып, мәдени-демалыс саябағында ашық алаңда ұйымдастырылды. Жарыстың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру.

Дүбірлі жарыс 5000 метрлік қашықтыққа жүгіру бойынша оздырылды. Ауданның әуесқой жүйріктерінен 10 адам қатысып, бақ сынады. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Қобыланды Сапиуллин үздіктерді марапаттады. Жарыс қорытындысы бойынша Манарбек Сатқанов жүлделі I орынға ие болды. Ал II орынды Нұрсұлтан Сағадат еншілеп, III орынды Мәди Аманғалиев олжалады.

Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале