Казталов ауданы орталығындағы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтың төрағалығымен Казталов ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу кеңесі өтті.
Келелі жиынға Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Молдашев, Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы аумақтық инспекциясының басшысы Марат Отаралиев, Ауыл шаруашылық министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облысы аумақтық инспекция басшысы Ерлан Орынбаев, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Тахир Нұрахметов, Батыс Қазақстан облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары Қайрат Қадешов, Батыс Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясының басшысы Нұрлан Абдрахманов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы директорының міндетін атқарушы Азамат Темірғалиев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы директорының орынбасары Қуаныш Ешимов, «Aqjaiyq» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Досмақов, «ҚазСуШар» Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Рауан Құсайынов, Казталов ауданы әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшылары, округ әкімдері, ауыл шаруашылық саласының мамандары, шаруа қожалық жетекшілері, ауыл шаруашылық тауар өндіруші кәсіпкерлер қатысты.
Кеңесте алғашқы болып сөз алған Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Казталов ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін қолдау шаралары туралы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин, ветеринария саласындағы өзерістер жөнінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, жер қатынастары саласы бойынша облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов, ветеринария саласындағы өзгерістер туралы Батыс Қазақстан облысы аумақтық инспекциясының басшысы Марат Отаралиев хабарлама жасады.
Кеңес форматы сұрақ-жауапқа көшіп, ауданындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін толғандырған киіктің көбеюі, қуаңшылық, кененің өршуі, ветеринарлық пункттер құрылысы, кейбір ауыл шаруашылық бағдарламаларды қайта қарау, дизель отынның бағасын төмендету, аудандағы су ресурстарын жөндеу секілді ортақ мәселелер бойынша сұрақтар талқыланып, тұщымды жауап берілді.
Жиын соңында облыстық басқарма басшылары шаруаларды жеке сұрақтарымен де қабылдады.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы