23.06.2021, 9:43
Оқылды: 154

Ауылдас алғысына ие полицей

Ернұр Елеукен - Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының перзенті. Туған жерінде жетінші сыныпқа дейін оқыған кейіпкеріміз 2006 жылы Дариян ауылына қоныс аударады. Ол жерде тоғызыншы сыныпты бітірген соң Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы колледжге түседі. Одан мәдени ұйымдастырушы мамандығын алған Ернұр бір жыл жұмыс жасап, кейін арнайы күзет қызметіне орналасады. Одан соң әскерге аттанып, оралысымен полицияға қызметке орналасады. 
5947C4A2-E19D-409A-9847-3CB03D33BF3A

   Қазіргі таңда Приурал аймақтық ішкі істер бөлімінде қызмет етеді. Өз ісіне қалтқысыз берілген жас жігіт Дариян ауылдық учаскелік инспекторы міндетін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ел сенімінен шығып үлгерген.

-Жұмысыма еркін еніп, орнығып қалғаным үшін полиция капитаны Әділет Хайрушев, полиция майоры Ринат Көшекпаевқа қарыздармын десем де болады. Олар маған әріптес ретінде ғана емес, жанашыр адам ретінде де қарады. Негізінде ер адамдардан құралған ұжымда қызметтестеріңмен тіл табысып кету оңай,- дейді кейіпкеріміз.

6BE794C9-6A59-4381-8B34-B8552223E53E

Күні кешегі жас маман Ернұр мырза қазіргі таңда кәнігі қызметкерге айналды. Ол өзінің күш-қуатын сүйікті ісі мен отбасына жұмсайды. Бір күні бір күніне ұқсамайтын полиция қызметінің бар қиындығын абыроймен атқарып жүр. Әлемді шарлаған пандемия кезінде орын алған түрлі жайттар оның шеберлігін шыңдай түскен.

0D24198D-0DDD-48B7-B0CA-A9990F0FD0F6

Тіпті ауылдың қоғамдық өміріне де етене араласып жүретін полицей адамгершілік қабілеті мен биік парасаты, шебер ұйымдастырушылық таланты мен іскерлігі арқасында көпшіліктің құрметіне де ие бола алды.

Өмірін жауапты қызметке арнаған ол Ата Заңымызға адал. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда тынымсыз еңбек етіп келеді.

-Біз қызметте жетістікке жетсек алдыңғы толқын ағалардың білімі мен біліктілігі, іс-тәжірибелерін назарға алып отырамыз. Айтары мол аға буынның үйретері әлі көп. Осынау кәсіби мерекеде ішкі істер органдарының ардагерлеріне жоғары санатты тәртіп сақшыларын тәрбиелегені, кәсібіне адал қызмет ету дәстүрінің негізін салғаны үшін ерекше алғысымды білдіремін,- дейді полиция аға лейтенанты Ернұр Елеукен.

Осылайша кәсіби шыңдалу мен түйіткілді мәселелерді шешуді жүйелі жолға қойған Ернұр Хасенұлының жұмысы келешекте де жандана берсін демекпіз.

 Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале