26.04.2021, 17:05
Оқылды: 40

Ауылдастары зейнеткерге көмек көрсетті

Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппараты мен ауылдық кітапхана ұжымы бірлесіп, ауыл тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі зейнеткер Наталья Кирилинаның тұрғын үйін жинастырды.

A5BCA6BB-2E33-4ADF-877D-91FA6A99A28B

Сырқаттанып қалған Наталья Кирилина бір жыл бойы ауруханда болған. Содан бері қараусыз қалған үйінің ішін шаң басып, ауласына арамшөп қаптап кетіпті.

Кейуана ауруханадан шығып, келгенде үйі суып, ол жерде ауру түгілі сау адам өмір сүру қиын болған. Ауылдасының қиын жағдайы туралы естіген округ әкімі Ринат Ескендіров әкімдік және кітапхана ұжымын сенбілікке жұмылдырып, Наталья әжейдің үйін ретке келтірген. Әйелдер жағы үй ішін тазаласа, ер адамдар ауласын реттеп, отын жарған.

00538C04-4279-4B9B-856B-0BEB48049965

Бүгінде жылы да таза үйінде отырған кейуана сенбілік ұйымдастырушыларына риза.

40BBE341-DC56-4760-9BC7-FE8D355906F7

-Наталья Кирилина қатты сырқат. Жалғыз қызы Ақтау қаласында тұрады. Келуге мүмкіндігі жоқ секілді. Қазіргі таңда барлық құжаттарын реттеп, оған әлеуметтік қызметкер алдыртпақшы ойда жүрміз. Арнайы қызметкер келсе, жағдайы реттелер, - дейді округ әкімі Р.Ескендіров.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале