2.11.2020, 18:09
Оқылды: 1034

Ауылға кірген екі жаманауызды тұрғындар соғып алды

Кейінгі кезде Жәнібек ауданы Ақоба ауылына жаманауыздар келгіштеп жүр. Тұрғындар ауыл ішінде жүрген екі қасқырды көлігімен қуалап соғып алыпты. Бұл ақпаратты ауыл әкімі Мақсат Жаналиев растады.

IMG-20201102-WA0023
Әлеуметтік желіде таралған фотосуреттердің бірінде жаманауыздың жол жанындағы шалшықтан су ішіп жатқаны бейнеленсе, екіншісінде тісі ақсиған қалпы жерде жатқаны таспаға түскен. Жыртқыштар аса ірі денелі емес, қасқырдың өзі дегеннен гөрі, тұрқына қарап, бөлтірігі немесе шибөрі шатыс десе болғандай.

IMG-20201102-WA0024

«Ауыл адамдарына қауіп төндірген жоқ. Елді-мекен ішіне кірген соң, ер-азаматтар екі қасқырды соғып алды. Жыртқыштардың өте әлжуаз екені анық байқалған. Тұрғындар даладан қасқырдың тағы бір өлігін тауып алғанын айтып жүр», – деді Ақоба ауылдық округінің басшысы Мақсат Жаналиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале