20.11.2022, 11:12
Оқылды: 40

Азаматтық жауапкершілікті айқындайтын сәт

Бөкей ордасы ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру қызу жүруде. Сағат тілі 11-ге қарағанда учаскелерде ұзын-сонар кезек қалыптасып, өз таңдауын жасауға ниеттілердің қатары артуда. Олардың қатарында 18-ге дәл бүгін толған Арсен Қабдолов та бар. 

IMG-20221120-WA0095

– Мен Ж.Досмұхамбетов атындағы жоғары колледждің ІІІ курс студентімін. Туған күніммен тұспа-тұс келген сайлауда өмірімде алғаш рет елімнің келешегіне қатысты өз таңдауымды жасап отырмын. Бұл мемлекетіміздің азаматы ретінде маған берілген мүмкіндік деп түсінемін, әрі Отан алдындағы парызым деп есептеймін. Саяси науқанда әр адамның дауысы, таңдауы маңызды. Азаматтық жауапкершілігімізді айқындайтын сәтте өз жерлестеріммен бірге болуды қалаймын, – деді ол.

IMG-20221120-WA0094

Арсен сайлау комиссиясы ұсынған арнайы сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ елдің алды, жүзінші, бес жүзінші және мыңыншы болып дауыс берген, жасы үлкен жандарға учаскелік комиссия сыйлықтар табыс етті.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы берген ақпаратқа сай, аудандағы 47 учаскеде тіркелген 21281 сайлаушының 8169-ы, яғни 38,4%-ы дауыс берген.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале