2.04.2021, 10:42
Оқылды: 84

Бәйтеректе «Құстарды аялайық!» акциясы қолға алынды

Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында «Құстарды аялайық!» акциясы қолға алынды. Жастардың экологиялық мәселелерге көңілін аудартып, табиғатқа және құстарға қамқорлық жасауға шақыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан шараға бәйтеректік жастар мен оқушылар белсенді қатысуда.

 құс 1

1 сәуір – Халықаралық құстар күніне орай Январцев ауылдық округінің еріктілері жылы жақтан келген құстарға арнап, ұяшықтар жасап, оларды ағаш басына орнатты. Бұл акция Зеленый округінде де қолдау тапты. Ауыл оқушылары құстарға арналған жемсалғыштар жасап, үлкендердің көмегімен оларды арнайы орындарға бекітті.

құс 2

- «Қайырымды істер марафоны» тек азық-түлік себеттерін сыйлаумен шектелмейді. Оның аясы әлдеқайда ауқымды. «Құстарды аялайық!» акциясы – соның бір дәлелі. Жалпы аудан жастары табиғатты, жан-жануарларды қорғау мәселесіне бейжай қарамайды.

құс 3

Қыс кезінде балыққа ауа жіберу акциясына барлық округ жастары белсенді қатысты. Жұмыс бұнымен шектелмейді. Жоспарлы жұмыстардың барлығын жасауға күш саламыз, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале