12.10.2020, 9:55
Оқылды: 64

Бәйтеректе молдалар білімін жетілдірді

Бәйтерек аудандық «Жұбан молда» мешітінде ауыл молдаларының білім-біліктілігін арттыру мақсатында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Имам кездесу5

Семинарға облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Сабырәлиев арнайы келіп, асыл дініміз және жаназа шығару кезінде ескерілетін жайттар туралы түсінік беріп өтті.

Оқу барысында молдалар дін маманына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жаназа кезінде көп кездесетін жайттар жайында толық ақпарат ала алды.

Имам кездесу

Сондай-ақ молдалардың білігін арттыруға арналған семинарға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев дін өкілдерінің қоғамдағы жауапты міндеттеріне тоқталып, қаралы үйдегі ысырапшылдық мәселесін көтеріп, санитарлық талаптардың қатаң сақтаолуын, орындалуын ұдайы назарда ұстау қажеттігін айтты.

 

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале