1.02.2021, 15:51
Оқылды: 56

Бекет қыстағындағы шуақты тірлік

...Көкмұзданған күрежолдан Ақжол ауылдық округіндегі «Мұқан» шаруа қожалығының қыстағына қарай жеңіл көлікпен кілт бұрылдық. Ақ көрпеге оранған малды ауылдың қора-қопсысы алыстан менмұндалап көрінеді.

207B8E10-4466-4281-BCD0-867B001845BD

Жақындағанда рулон-рулон үйілген шөп назарымызға еріксіз ілікті.  Ақ кірпіштен салынған қоңыр шатырлы үй қысқы табиғат пейзажымен үйлесім тапқан. Мұржасынан шұбалаңдай шыққан түтінді сумақай жел әп-сәтте ыдыратып әкетіп жатыр. Көліктен түскенде жаяу борасын мен ысқырына соққан үскірік жел ұшырып әкете жаздады. Айнала жалтыраған мұз. Алға аттаған адымымыз кері кетіп, қол созым жердегі үйге әрең жеттік.

AB98041E-8856-4BCB-A4A3-389A03F1ECD6

Келмеске кеткен кеңес заманында Әжігерей қарт «Лбішін» кеңшарында қырық жылдай қой бақты. Бекет қыстағына 1985 жылы қоныс теуіп, асыл тұқымды қашар бақты. Зайыбы Мерует екеуі 5 ұл, 4 қыз өсіріп, ұлды ұясына, қызды қиясына қондырды. Екі жылдан кейін ортаншы ұлы Самат әкесіне көмекші болып келді. Әкесі 1994 жылы зейнеткерлікке шыққанда оның құтты таяғын ұстап қалды.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №9 санынан оқи аласыздар.

Гүлбаршын Әжігереева

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале