2.08.2021, 15:23
Оқылды: 28

Білім алу – әр адамның парызы

Бәйтерек ауданы жастарына қолжетімді ақпаратты жеткізу мақсатында өтетін «LIVE DIOLOGUE» жобасы жалғасуда. Тікелей эфирде өтетін жобаның кезекті шығарылымында діни экстремизмнің алдын алу, жастардың дін мен дәстүрге дұрыс көзқарасын қалыптастыру жайы сөз болды.

Эфир ресурс

«Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» тақырыбында өткен эфирге Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің бакалавры, исламтанушысы Фариза Молдағалиева мен аталған университеттің ұстазы Айдынгүл Серғазы шықты. Олар білім алудың артықшылығы мен білімнің 4 кезеңі төңірегінде әңгіме өрбітті.

Эфир қонақтары білім алу, діни білім, дүнияу білім жайында кеңінен түсінік беріп, жастардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ басқа да мәселелер төңірегінде баяндады.

«LIVE DIOLOGUE» жобасы алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале