10.01.2022, 9:01
Оқылды: 49

Бірлігімізді көрсетейік

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеуін жасап, елімізде қалыптасқан ахуалды тұрақтандыру үшін тиісті шаралар жалғасып жатқанын айтты. Қазіргі таңда барлық жағдай бақылауда. Енгізілген төтенше жағдайдың нәтижесінде шұғыл қимыл әрекеті жасалынып, елімізде конституциялық заңдылық орнатылды.

WhatsApp Image 2022-01-10 at 09.00.36

Алаңға шыққан әрбір бауырымыздың талап-тілегі бейбіт түрде бас біріктіру еді.

Өкінішке орай, бірқатар өңірлерде арандатушы топтар ел арасына бүлік түсірді. Қирату, тонау оқиғалары, жан-жақты ойластырылған террористік іс-әрекет нәтижесінде жағдай ушығып кетті.

Осынау сын сағатта біздің басты мақсатымыз – Тәуелсіздігімізді сақтау. Президентіміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сөйлеген сөзінде заң мен тәртіп еліміздің игілігі мен берекесінің негізі деп айтқан болатын. Осы орайда барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылуы тиіс. Арандату мен деструктивті ұрандарға қарамай заңға және өз елімізге адал болайық.

Ел де, жер де – өзіміздікі. Ұрпағымызға қалдырар байлығымыз. Өз болашағымызға балта шаппайық. Осындай күрделі кезеңде елдің тұрақтылығы мен тұтастығын сақтау үшін бірлігімізді көрсетейік, татулықта болайық!

Білікбай Қазиқанов,

Теректі аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале