12.08.2019, 11:45
Оқылды: 307

БҚО-да «Дала күні - 2019» семинар-кеңесі өтті

237 шаруа қожалығы өкілінің қатысуымен Бәйтерек ауданындағы Дариян ауылында «Дала күні - 2019» атты семинар-кеңес өтті.

«Байер» ЖШС өкілі Аллаберген Нұғманов бидай өнімдерінің ең жоғары түрлері мен сапасы жайында кеңінен əңгімелеп, бейнетаспа арқылы толығырақ көрсетіп, семинарға қатысушылармен тәжірибе алмасу ретінде өзінің көп жылдық тәжірибесін ортаға салды. Сондай-ақ Украина елінен келген ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Петр Лазер де іс тәжірибесімен емен-жарқын ой бөлісіп, бейнетаспа түрінде көрсетілім ұсынды.

дала 2

Одан соң облыстық территориялық инспекцияның бас маманы Сапура Мерғалиева мал шаруашлығы саласындағы мамандармен жүргізілетін құжаттар жайында қысқаша тоқталып өтсе, Жәңгірхан атындағы БҚО аграрлық-техникалық университетінің оқытушысы Әлия Ахметалиева асыл тұқымды малды сұрыптаудың жолдары жайында баяндама жасап, егжей-тегжейлі түсіндіріп, маңыздылығына тоқталды.

Жиын соңында сөз алған облыстық территориялық инспекция бастығы Лавр Хайретденов мал шаруашылы саласындағы жаңа жағдайдағы даму бағыттары жөнінде нақты атап өтті. Жиыннан кейін барлық аудандардан келген өкілдер Дариян ауылы аумағындағы «Азамат» шаруа қожалығында болып, электронды малшы, дрон жаңа технология түрлерін қолданып жатырған қожалықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

дала

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан келген «AnimalStat» ЖШС директоры Хамза Шубаев малға пайдаланатын жаңа құрылғыларды көрсетіп, тәжірибе алмасып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға толығырақ жауап берді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Дариян ауылы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале